14.05.2022
  130


Автор: Құралай Омар

Сұрқы қашқан сұр аспан...

Сұрқы қашқан сұр аспан,
нелiктен күрсiнесiң?
Ойымда менiң құрасқан
Оқиық жыр – сүресiн.
Жабыққан кейбiр сәттерде
Жаныма серiк болдың.
Ашылған жүрек – дәптерге
Жыр жолы келiп қонды
Сұр аспан қайрат бердiң
Мұңайып, торыққанда.
Тағдырдың тәлкегiмен
бетпе бет жолыққанда.
Жасыңды төкшi, аспан,
Тұнжырап тұрмай,
Менен де мөлдiр тамшылар
Ағылсын тынбай.
Екеуiмiз де жеңiлдеп
Ашылайық.
Тек қана тасымайық!





Пікір жазу