14.05.2022
169
Жырың бола алмадым-ау жатталған...
Жырың бола алмадым-ау жатталған...
Көктем келiп, құлпырғанмен бақтар, маң,
Қуанышын сыйламады, қайтейiн,
Жанарымнан тамшылады тәттi арман.
Мөлдiр үмiт кiрпiгiмде тiзiлiп,
Төмен қарай құлдилады, үзiлiп.
Қиялыммен тұрғызып ем мұнара,
Көзiмдi ашсам, қирап жатыр, бұзылып.