14.05.2022
  131


Автор: Құралай Омар

Не дейiн саған, қоңыр жел, жапырақты үз, жылат...

Не дейiн саған, қоңыр жел, жапырақты үз, жылат.
Алғашқы қар қылаулады, орынынан күз құлап.
Жауа салып ерiп жатқан қарды жақсы көргенмен,
Мұңлық қардың мұң тағдырын түсiнбейсiз сiз бiрақ.
Әйнектердi сызғылап... Хабары жоқ түк Күннен
Қауқарсыз ақ ұлпаларға қарап тұрып бұқтым дем.
Сағыну мен аңсауды сап-сары деп жүр едiм,
Ақ түсте де зарығу бар екенiн ұқтым мен.
Тосу, төзу – Қорқыт көрi құтылмайтын қашқаннан,
Жанарымнан, бәлкiм, бәлкiм жүрегiмнен жас тамған.
Қар дегенiм – күтулерден көкiрекке жиналған
Көз жасының суретi екен суып түскен аспаннан.





Пікір жазу