14.05.2022
  135


Автор: Құралай Омар

Телефон мүлде соқпаймын...

Телефон мүлде соқпаймын,
Сағынсам дағы, бiлiңiз.
Бар болсам да ендi жоқтаймын,
Өлсе де iшiм – тiрiмiз.
Көрсем... Өзiмдi соттаймын.
Түсiме ғана кiрiңiз.
Өзiммен өзiм егестiм,
Өмiрiмнiң деп ем жырысыз.
Аспанмен, Аймен теңестiм,
Таппадым ба екен дұрыс iз?
Мен сiзге ешкiм емеспiн,
Сiз – жүрегiмдi алған ұрысыз.
Сол ғана...





Пікір жазу