14.05.2022
117
Жап-жасыл бақ солған... жұтқан...
Жап-жасыл бақ солған... жұтқан...
Жапырақтың әнiн жатыр тыңдап күз.
Сiз сағыныш болғандықтан,
Күз сияқты сүйкiмдiсiз, қымбатсыз.
Жұмбақпыз.
Түсiнiктi жолым кiмге?
Сезiм бар ма мұңсыз әрi күйiксiз?
Жетпеген соң қолым күнде,
Жұлдыздардай алыстасыз, биiксiз.