14.05.2022
  100


Автор: Құралай Омар

Ойымда сен... жалғыз кетiп барамын...

Ойымда сен... жалғыз кетiп барамын,
Жатыр тағы бұлттың жасын жұтып бақ.
Түсiнбедiм... көрген сәтте қарадың,
Қарашығың қиялымды қытықтап.
Жасырған боп, жанарымды тайдырдым,
Ал жүрегiм сөз ұқпады, бақ сұрап.
Арманымның аспанына Ай қылдым...
Жете алмай жүрген, бәлкiм, жақсырақ.
Жақын тұрса, жұлдыздар да құнсыз тым,
Қолым жетсе, бағаң болмас, қымбаттым.
Сыр алдырмай… Күнiн кешiп үнсiздiң,
Тек жауынға жырларымды тыңдаттым.





Пікір жазу