14.05.2022
  162


Автор: Құралай Омар

Сыймай барам бөлмеге...

Сыймай барам бөлмеге,
Төрт қабырға жан-жағымнан қысқандай.
Түсiнбедiм, сағыныш па, шөл ме не?
Бұл күйiмнен құтқарады күш қандай?
Сыймай барам далаға,
Бұлтты аспан иығымнан басты кеп.
Түссiз ауа ауыр болып бара ма,
Жанарымда мөлдiреген жасты жеп.
Сыймай барам ғаламға,
Жер қалмады кеңiстiкте кезетiн.
Жүрегiмнiң жүгiн арттым қаламға,
Жағдайымды ақ қағаз ба сезетiн?..
Сыймай барам жалғанға,
Алсам дағы тиесiлi еншiмдi
...Тұншығамын өзiңiзсiз қалғанда,
Құшағыңыз бәрiнен де кең сынды...





Пікір жазу