14.05.2022
  120


Автор: Құралай Омар

Мұң ба, әлде күйiк пе?!

Мұң ба,
әлде күйiк пе?!
Қоштасуға болады екен
Сүйе тұра, сүйiп те...
Жұлдыздармен жазылған хатымды оқып,
Сiз жүрсiз-ау биiкте...
Мен жүрмiн-ау биiкте.
Жете алмай қол бұлғаймыз қиырдан,
Жыр болдыңыз жүрегiме құйылған.
Тағдырымның, қарсылық көрсетпестен,
Қабыл алдым бұл сыйын да бұйырған.
Бағынамын...
Сiзге емес, өзiме емес,
Жазмышқа
(Балгердiң сөзiне емес)
Тұңғиық әрi жұмбақ әлемiме
Келсеңiзшi...
Көрiншi көзiме, елес...
Қайдасыз?





Пікір жазу