14.05.2022
  114


Автор: Құралай Омар

Сағынышқа шарпылдым, өртенейiн...

Сағынышқа шарпылдым, өртенейiн...
Мөлдiр мұңым, қайдасың, кел есiме?!
Назданайын, тағы да еркелейiн
Көзiмдi ашсам жоқ болар елесiңе.
Еркелейiн... Тәттi елес, алыстама,
Кезейiк қиял деген әлемiмдi.
Бiздiң жайды түсiнер ғарыш қана,
Жұлдыздардан жолдайын сәлемiмдi.
Құс жолына жыр жазып (дастан дағы)
Ұзақ түнде... түс көрiп тамсанбадым.
Тылсымдағы, тұңғиық аспандағы
Үзiлiп түспесе екен тамшы – арманым.





Пікір жазу