meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.05.2022
  147


Автор: Құралай Омар

Жанарыңнан жаз күтiп ем...

Жанарыңнан жаз күтiп ем,
Күз бе едiң?
Жүрегiме үңiлмедiң, жүзбедiң.
Жылап тұрдым жүзiм шыққа малынып,
Ал сен болсаң:
“Үмiтiңдi үз” дедiң.
Үзу қайда...
Iздедiм.
Қиялымда қауышып,
Тiл қатамын сұлу сөздiң барлығын да тауысып.
Күбiрлеймiн...
Ауысып.
Көрмедiң.
(Қыраттардан мен үшiн қызғалдақ та термедiң)
Не келедi қолымнан?
Тоқи бердiм толассыз
Бiр өзiңе арналған өлеңiмнiң өрмегiн.





Пікір жазу