14.05.2022
276
Бүгін сенің туған күнің
Үнімен оның шыр еткен
Ашылды да арайланып әлем есігі,
Сезімдей туған жүректен,
Тербетілді алтын айдар ұлдың бесігі.
Қазақпыз ұлын «батыр» дер,
Сүйіншісін жас сәбиге арнап жатыр ел...
«Қабыл боп елдің батасы,
Батыр бол» деп атын қойды оның атасы.
Бүгін сенің туған күнің,
Балапаным, Дәулетім!
Өмір гүлім, сені бүгін
Құттықтайды әулетің.
Азамат бол, асқақтатар
Азат елдің сәулетін
Намысты бол, табысты бол,
Жеңістің шаш сәулесін!
Арманды жалғаған ұлым,
Әрқашан да Қызыр баба болсын жолдасың!
Аппағым, айналайыным,
Періштелер жебеп сені, Тәңір қолдасын!