14.05.2022
167
Астана - арман
Қолымда менің Алтын Күн!
Жерұйық іздеп, шарқ ұрдым,
Ұлтымның болған аңсары,
Арманы болған халқымның.
Жерұйық тапсам жаһаннан,
Дамылдар ма еді шыбын жан?
Тең болар ма еді құбылам?
Күлімдер ме еді кең Дала,
Дидарында Мәңгілік мұңы ұйыған?
Ғасырлар жүгін арқалап,
Желмая міндім жырымнан.