13.05.2022
152

Әлемнен таба алмадым сендей мүсін...
Әлемнен таба алмадым сендей мүсін,
Сен менің өзімсің ғой.
Сенбеймісің?
Сен жаққан жүрегімді алау сезім
Мәңгілік рас болса сөнбейді шын.
Желпіндіріп көңілдің керқұласын
Көкіректі арманға толтырасың.
Сен менің жанымдасың.
Сенбейсің бе?
Көзіме қарап көрші - Сен тұрасың...