13.05.2022
148
Көрмедім. Көп күн болды...
Көрмедім.
Көп күн болды.
Жоқ хабарың.
Шарқ ұрып іздесем деп оқталамын.
Үркегім,
Тегі үркітіп алам ба деп,
Өзімді әрең ұстап ап қаламын.
Көңілім іздемей-ақ табар қайғы,
Ұмыттың
Өзің жайлы хабарлауды.
Күйіп қап,
Көмек күтіп жатыр ма деп,
Жүрегім тағы өзіңе алаңдаулы.
Сезімге шара таппай қиналамын.
Сонда да өшіремін.
Мұң жабамын.
СұрарымМенің соңғы алданышым -
Саулығыңды білдіріп жүр, қарағым.