13.05.2022
196
Адал жаныңмен ғашық еттің бе...
Адал жаныңмен ғашық еттің бе,
Кете алмай қойдың есімнен.
Өзіңсіз көрген қасіреттің де
Қара түндерін кешіргем.
Қара көзіңнен қаншама сырды,
Қанша ғасырды оқыдым.
Қайтып оралмас сол сағатымды
Еске алып енді отырмын.
Берсем деп саған кеудеме терең,
Жылуын жанның жинағам.
Мендегі сол бір сәулеге сенер
Жан таппай енді қиналам.
Таңды таңға ұрып, шам қуып алдан
Ұмтылған едім сан құлап.
Болдың да қалдың Мәңгілік Арман
Шақырмай қойдың сен бірақ.
Жүрегім мұңды дос көріп қалды
Оңаша қалып мұңданам.
Сол бір күндерден естелік қалды
Өзіңе арнаған жыр ғана.