13.05.2022
138
Жауын жауса жаныңда тұр ма қайғы...
Жауын жауса жаныңда тұр ма қайғы,
Көздің жасы, қорықпа, былғамайды.
Сұп-суық әйнегіңе соғылам да
Тамшы сынды төменге сырғанаймын.
Сезім деген судырар сөз бе, тегі,
Сөз емес екеніне көз жетеді.
Терезеңді аймалап баратқанда
Көзіңді бір қадап қой,
Сол жетеді.
Сол бір сәт әдемі ғой. Бұлдырар маң,
Көзіңе елестейді мөлдір Арман.
Мені ойлама бірақ та, мұңаярсың
Өткенді көктеміңе жеңдіре алмай.
Көгіңнен көгілдір бұлт көшкен күліп
Мен едім.
Сезімге сәл дес бергізіп,
Сағынғанда кетемін көктем сайын,
Жаныңның терезесін жаспен жуып..