13.05.2022
134
Сезiм селi санама өткел бермей...
Сезiм селi санама өткел бермей,
Жүрген кезiм оралмай көктен жерге.
Өзiң жақтан күрсiнiп көмек күттiм,
Басымнан ауыр сынды өткергенде.
Көктемдi көрген едiм мың құбылған,
О дағы жалған екен сырты бұлғаң.
Шемен боп қатып қалған көкейiме
Өзiңе айтам деген үн тығылған.
Айтам деген, алайда айта алмаған,
Бүршiгiм-ай, бағыңда жайқалмаған.
Егiлiп кетем бе деп қорқам кейде
Мейiрiммен қарасаң қалқам маған.
Бұлт шақырып, тоқтамас жаумай тынбай,
Сенi күттiм көңiлiмдi аулайтындай.
Жалт еткен жанарыңды бiр қадасаң
Өкпемнiң iзi дағы қалмайтындай...