Жылым
Мұз құрсанған көл едiм, жалтыраған айдыны,
Ызғарымен ықтырған талайларды айбыным.
Иiлмедiм ешкiмге, көзiң жасы ақсын бiр,
Шойын сынды шытынап, сойыл сынды шарт сындым.
Iшiмдегi сезiмдi шығармады мұз қамап,
Жанасқысы келгендер құлап қалды сырғанап.
Бедiрейiп жаттым бiр, ызғарыммен тоңдырып,
Көрсетпедiм кiсiге жылы қабақ, оң қылық.
Осылайша күн өттi, өзiмдi өзiм жүдеттiм,
Мұз құрсауды мүжгiлеп жылы қаны жүректiң,
Сезiм шiркiн бiр күнi жарып шықты құрсауын,
Көз алдымнан көп уақыт кетпей жүрген бiр сағым
Жоғалды да, кеңейiп жүре бердi көкжиек.
Әр нәрсеге мен сонда қарап қаппын елжiреп.
Тереңiмнен түйсiнiп, толқып кеттiм мен алғаш,
Заманақыр келсе де ұмытылмас, жоғалмас
Күңiренген керемет күйдi кешiп сонда мен
Кiндiгiмдi Әлемнiң көктемiмен жалғап ем.
Шағалалар шаңқылдап, базар болды жан-жағым,
Толқындарым шолпылдап, айтып жатты арманын.
Күлiмдеген бетiмнен күлiп келiп жел сүйдi,
Сү? деген не екенiн алғаш сонда түйсiндiм.
Шiркiн, сонда сен менiң шаттанғанымды көрсең ғой,
Кемерiмнен тасуға шақ қалғанымды көрсең ғой.
Тұнып жатқан аспандай мөлдiрлiгiм лайланып,
Жаным сүйген сол сезiм ғаламатқа айналып,
Толқындарым аспанға жатқан сонда шаншылып
Соның бәрi Ақ Арман, Адал Сезiм, Тамшы Үмiт.
Махаббаты Құдайдың көктем екен- дедiм мен,
Маған да бiр махаббат жеткен екен- дедiм мен.
Күз келе ме бiр күнi, керегi жоқ оны ойлап,
Жыл артынан жыл өтiп, түскен кезде самайға ақ,
Жаным шаршап, тәнiмнiң келген кезде ұйқысы
Қатпай қалар жүрегiм - иiрiмiмнiң тұсы.
Аязында қаңтардың жатқан бумен бүркенiп
Жылым- дейдi жұрт оны...