13.05.2022
  131


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Мұңай, жаным, мен сенi жұбата алман...

Мұңай, жаным, мен сенi жұбата алман,
Бiр мейiрiм күткейсiң құла таңнан.
Құла таңды құлдырап қарсы алғайсың
Күншығыстан күлiмдеп шыға қалған.
Жұбатпаймын мен сенi.
Мұңай, жаным,
Ешбiр амал таппадым мың ойланып.
Сен сәбидiң күнәсiз көзi емес пе ең,
Әлдеқашан мен қалғам лайланып.
Сенiң бейнең жүректе қалған дара,
Сол бейнеңе байқамай салғам жара.
Содан, жаным, мен үшiн саған жету
Орындалмас қияли арман ғана...





Пікір жазу