13.05.2022
  133


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Адаспа көңiл, адаспа...

Адаспа көңiл, адаспа,
Армандау сенiң не теңiң,
Көгерiп қалған ағаштар
Күз түссе қурап кетедi.
Алдама менi қайтадан
Гүл атады деп көктемде.
Шаттығым менiң тарқаған
Бiр арман өлiп кеткенде...





Пікір жазу