13.05.2022
179

Күнбағыс
Қарай бергiм келедi, қарай бергiм,
Жүзiңнен жанға жайлы арай көрдiм.
Көзiңнен алау көрдiм лапылдаған
Сонда да қарай бердiм...
Айыпқа бұйырмашы, қарай берем,
Лаулаған жүрегiм от, алау - денем.
Көргеннен бiр жақындық бар-ау дегем,
Сондықтан қарай берем.
Қараймын,
Қарамауға шама бар ма,
Қарама- десең дағы табам айла.
Мен деген Күндi сүйген күнбағыспын,
Басымда еркiм бар ма қарамауға?!