meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  13.05.2022
  146


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Түсiме ендiң сен менiң таңға жақын...

Түсiме ендiң сен менiң таңға жақын:
Жылағаның кеттi ғой жанға батып,
Ақталғаның ба едi бұл түсiме енiп
Өңiңде түсiнетiн болмағасын?!
Төгiлуде көз жасың - жаңбыр аппақ,
Егiлмешi, мен сенi алдым ақтап.
...Кешiр менi, байқамай сырымды айтсам
Ұйықтап жатқан кезiмде сандырақтап...





Пікір жазу