13.05.2022
  143


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Өттi ғой күндер қаншама...

Өттi ғой күндер қаншама,
Бақытымбысың iздеген.
Көгiлдiр көктем болса да
Көзiңнен ылғи күз көрем.
Көңiлдiң құсын ұшырып,
Жаныңды билеп түнгi сыр,
Iздеген ойдың ұшығын
Таба алмай әлi жүрмiсiң?
Жас жаның қайғы шеккен бе,
Көңiлден кетсiн тұман ой.
Көгiлдiр мына көктемде
Күрсiнiп жүру күнә ғой...





Пікір жазу