13.05.2022
208
Ана
Ақ сүтіңді емген,
Ақтадым ба, ана?
Ақылыңды берген,
Сақтадым ба, ана?
Қайырмасы:
Бесік жырын айтып,
Тербеткеніңді, ана.
Ұмытайын қайтып,
Ержеткенімді, ана.
Түн ұйқыңды сенің,
Бөлуші едім, ана.
Бейнетіме менің,
Көнуші едің, ана.
Ай көрмесең жылдай,
Сағынатын ана.
Көзден жасын тимай,
Ағызатын ана