13.05.2022
  141


Автор: Сабырхан Асанов

Қалай ғана шырқалмастан жатпақ ән...

Қалай ғана шырқалмастан жатпақ ән,
қызыл-жасыл гүл көтерген шат далам.
Ойхой, шіркін, апрельдің аспаны-ай,
ақ бұлттар мен ақ самолет қаптаған.
Жер мен Аспан...
Ақын талай мақтаған.
Қарай бергің келеді екен сәтте оған.
Талай ғасыр тамылжытып, бүлдірмей,
бар қызығын маған қалай сақтаған?!





Пікір жазу