13.05.2022
  118


Автор: Сабырхан Асанов

Белгісіз қайда апарды, қайда ап кетті...

Белгісіз қайда апарды, қайда ап кетті,
жел тұрып ала бұлтты айдап кетті.
Кір-шаңы тазаланған терезедей,
көкпеңбек аспан шіркін жайнап кетті.
Сүйрелеп өссем деген шынар тілек,
раң көк жауыннан соң шығар түлеп.
...Жарқырап күн өзіне қаратпайды,
жатқандай көктің төсін «сваркілеп».





Пікір жазу