12.05.2022
153

Жар
Жар дейді ме,
тап-таза ар дейді ме,
осындай жан әр үйде бар дейді ме?
Көңлі егер түспесе, қылдан нәзік,
көңлі түссе, жүк тартар нар дейді ме.
Ақыл дей ме,
қимайтын жақын дей ме,
сыйлай білсең, кетпейді ақың дей ме.
Қаласа егер, қызығың, қуанышың,
қаламаса, қайғыртар жатың дей ме.
Гүлің дей ме,
лаулаған күнің дей ме,
естілетін шаттанып үнің дей ме.
Жақтырса егер, сөнбейтін жарығың да,
жақтырмаса, қап-қара түнің дей ме...
Өткелдерден демейміз аз өтіп ек,
қашан болсын көңілде – таза тілек.
Жарың жақсы болғаны дұрыс шығар,
өзің жақсы болғаның – қажеттірек!