12.05.2022
  186


Автор: Сабырхан Асанов

Ырысымбысың...

Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін,
Шығады әркез,
батады әркез бірдей Күн.
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін
сонда да ойнап,
сонда да жайнап жүр деймін.
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін,
құмартам сенің қулықсыз шыққан
күлкіңді.
Ырысымбысың,
дәулетімбісің, білмеймін,
әйтеуір тағдыр көрмесін артық бұл күнді.





Пікір жазу