12.05.2022
145

Шатпай -бұртпай шынымды айтсам егер мен...
Шатпай-бұртпай
шынымды айтсам егер мен.
дей алмаймын
жыр жазудан зорықтым.
Қорықпадым
сөзді түсінбегеннен,
түсінгісі
келмегеннен қорықтым.
Таң қаламын
қарап тұрып түріне.
Ақындарды
жатса солай өлтіріп...
Жетсе, жетер
адамзаттың түбіне,
біліп тұрып
білмей тұрған өтірік!