12.05.2022
  126


Автор: Сабырхан Асанов

Ақын еместерді, ақын емес деп айта алмайсың...

Ақын еместерді,
ақын емес деп айта алмайсың,
ішіңнен үнсіз ғана
ой толғайсың.
Көздері күлімдеген
ол қулардың бетін,
құдайым, өзің ғана
қайтарғайсың.
Бұл күйден сен де
өлмейсің, ол да өлмейді.
Жөнделер десең де бір жөнделмейді.
Барар жеріңе барғызбайды,
алар нәрсеңді алғызбайды.
Алдыңа түсіп алып, жол бермейді.





Пікір жазу