12.05.2022
146
Қысқа өлең – қып -қызыл шоқ маздаған...
Қысқа өлең
қып-қызыл шоқ маздаған,
қораштығы
болмаса оның аздаған.
Келмеді оның
дейсің әсте қолынан,
Абайлар да
ұзақ өлең жазбаған.
Ұзақ өлең
аулы әр қашықта,
қысқа өлең жаз
шиырлаған асықтай.
Қолың қышып
бара жатса, талмаса,
қара сөз жаз,
жұрттың миын ашытпай.