12.05.2022
120
Қартаймайды махаббат қартаймайды...
Қартаймайды махаббат қартаймайды,
көңілі оның ешқашан ортаймайды,
мәңгі жас боп тұрады шыршадай боп,
қиялдарға беріліп қай-қайдағы.
Бір күн ажал біздерді алып кетер,
қара жердің қойынын қарық та етер.
Қартаймайды махаббат қартаймайды,
ақша бұлт боп аспанда қалып кетер.