12.05.2022
187
Бұл күндер оқтай зулап өтіп жатыр...
Бұл күндер
оқтай зулап өтіп жатыр,
кім-кімнің
қадіріне жетіп жатыр,
өзара
ала-құла ойда қалып,
астына
қара жердің кетіп жатыр.
бағасыз
батырың да, ақының да,
білмейміз
қандай бір сыр жатыр мұнда.
кейбіреу
күнәқарға
балайды әлі
қырық жыл
бірге тұрған қатының да.