12.05.2022
  378


Автор: Сабырхан Асанов

Ата-енем

Маңдайдан сипар алақан –
енемнің аты– Қазыкен.
Әбдіхамит– ол атам,
енемнен жасы аз үлкен.
Жайнаң да жайнаң етеді,
төсінде таудың көсілген.
Бақытты жандар екеуі,
төрт ұл да, төрт қыз өсірген.
Немере деген қаншама,
шөбере деген тағы бар.
Қапа боп кейде жатса да,
айттым ғой, жандар бағы бар.
Ата-енем өліп қалса да,
ата-анам болып жұбатты.
Жастары келсін қаншаға,
өздері, тіпәй, қуатты.
Сағынам әзіл сөздерін,
сақтап та жүрер біз үшін,
жақсы да көрем өздерін,
Шолпан атты қызы үшін..





Пікір жазу