meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.05.2022
  138


Автор: Сабырхан Асанов

Түн жайнатып ғаламды...

Түн жайнатып ғаламды,
жұлдыз шашқанда,
тауларды қалам ғып,
жыр жазам аспанға.
Бабыма мен келіп,
тұрамын күй құрап,
бұрқырап пенделік,
жатканда ұйқыда.
Шабытты қолқалап,
әлемді ән қылып
Осылай жол табам,
аулына мәңгілік





Пікір жазу