12.05.2022
123
Бір күні бұл дүние күлер жібіп...
Бір күні бұл дүние күлер жібіп,
туар-ау сөз қадірін білер жігіт.
Жаманды жақсыменен сол айырар
жақсыны желеп жүріп, жебеп жүріп.
Бір жасап қалар сонда шыншыл арман,
шықпас-ау сойыл алып күншіл алдан.
Құтылып өлең дейтін өндір өнер,
табанбет,
түк сезбес кей сыншылдардан.