12.05.2022
  170


Автор: Сабырхан Асанов

Керісті қашан тиясындар, адамдар...

Керісті қашан тиясындар, адамдар,
жер бетіне сиясыңдар, адамдар.
Бірің өліп,
бірің көміп жатқанда,
қалай-қалай қиясыңдар, адамдар?!
Бірің – кіші,
біреуінді– дәу делік,
бірің– тентек,
біреуіңді– сау делік.
Жер бетіне келіп-кету дегеннің,
екендігін білсеңдерші әурелік.
Мүмкін болса,
көмектесіп, болысып,
бір-біріңе берсеңдерші қол ұшын.
Келіп-кету әурешілік болған соң,
қырқысуға бола ма екен сол үшін?!





Пікір жазу