12.05.2022
154
Адалмын деп, аппақпын деп ісіндім...
Адалмын деп,
аппақпын деп ісіндім,
құлы сірә болмасам да айқайдың.
Жақсылықты кейде жұртқа
ішімнің
қиып онша тұрмағанын байқаймын.
Тұра қалып
терең-терең толғансам,
эх, көрінді-ау осым– мін де, осым — мұң,
Өзге түгіл,
өзім мұндай болған соң,
мен шошындым,
мен бәрінен шошындым