12.05.2022
  129


Автор: Сабырхан Асанов

Жыр жазғым келеді, жыр жазғым...

Жыр жазғым келеді, жыр жазғым,
жарығын жиып ап бір жаздың.
Сонан соң отырғым келеді,
кейпінде сыпайы, сырбаздың.
Отырғым келеді тау ғұсап,
жемісі біткен бір бау ғұсап.
Есімде қалмастан
өмірде
мен көрген шулы шақ, даулы шақ.
Сарқырап,
өзен боп– бір жағым,
кең дала,
кезең боп– бір жағым...
Сол өлең жазылып болған соң,
тұрмастан қалсам да ырзамын.
Сыр шертіп мәңгілік шығармаң,
шақ қайда шығарар құмардан.
Айтқым кеп қалған соң айттым мен,
әйтпесе, кімде жоқ бұл арман!





Пікір жазу