12.05.2022
133

Ақын деген құс қой самғар...
Ақын деген құс қой самғар,
қанат керек оған да.
Ойланбауы керек оның
ұшам ба деп, қонам ба.
Күні қалай болар екен
қанаттыны жақтырмас,
аспаны тар, әрі аласа
мына қиын қоғамда.