12.05.2022
127
Жарқырай ма жана ма әлде іштей күн...
Жарқырай ма жана ма әлде іштей күн,
бәрі-бәрі бір еркімнен тыс деймін...
Біреу патша болып түсіп жатса да,
мен ақынмын тағымнан еш түспеймін.
Денім сауда бітпейді әсте билігім,
жатсам да не қиындыққа килігіп.
Қар үстіне қаулап өсер қызғалдақ
көңілімдегі мәңгі жап-жас күйді ұғып.
Қаласам мен– кәрі жас боп қайтадан,
ақ таң жайлы ағыл-тегіл айтар ән.
Қан қақсатпақ кейбір қара ниетті,
қару емес қара сөзбен қайтарам.