12.05.2022
141
Таусылмайтын неткен бақыт, бұл бақыт...
Таусылмайтын неткен бақыт, бұл бақыт,
жас күнімді алдым десем ұрлатып.
Ойнап-күлген бір топ жас кеп тұрды да,
жүрегімді қойды қайта жырлатып.
Көкірегіме күн қонақтар, ай құлар,
қысқа өмірде көп кезікпес жай бұлар.
Сенер ме екем осы қазір, дәл қазір,
десе біреу– жер бетінде қайғы бар.
Гүл құлпырған кезде ойдан, қырдан да,
не жетсін-ай жастар сейіл құрғанға.
Таусылмайды бақыт, бақыт, мол бақыт,
жастық өлмей,
аман-есен тұрғанда!