12.05.2022
197
Көкірегім – күлімдеген ашық күн...
Көкірегім– күлімдеген ашық күн,
бұл жүрегім жырын бітпес толғаса.
Аруларға мен әлі күн ғашықпын,
айтуға тек ұяларым болмаса.
Көп төгіліп күлкілердің сыңғыры,
қалғып кетсем,
оятады үндерің.
Көрген сайын көздерімді тұндырып,
жазирамда жайқала бер, гүлдерім.
Көпті көрген көңіл қалай елемес,
көп мұңайып бақтар маған қарады.
қызбен онда жолығуға мен емес,
жігіт болған балам кетіп барады.
Қыздар, қыздар, тылсым түнді қалаған,
қыдырсаңдар... бағың бүгін басында.
Таң атқанша талып көктен қараған
жұлдыздардың тұрармын мен қасында...