12.05.2022
  156


Автор: Сабырхан Асанов

Ойнақтап біраз жерге келдім мен де...

Ойнақтап біраз жерге келдім мен де,
бақытты бірі екенмін елдің мен де.
Ай мен күн аспандағы сөне жаздар,
жарқырап қуаныштан мен күлгенде.
Көретін қанша қызық алдымда бар,
кез де әлі қашық жатыр әлді бағар.
Жынданбай қалай жүрмін махаббаттан,
ғашықтық жырын жазса Әбділдалар?!
Атқан таң,
құшағында дір еткен гүл,
аппақ боп айнымады
-ау білектен бір.
асық қып ағаны да, ініні де,
айналдым қартаймайтын жүректен бұл!





Пікір жазу