12.05.2022
  159


Автор: Сабырхан Асанов

Көктемге, тағы міне, бір ай қалды...

Көктемге, тағы міне, бір ай қалды,
Алатау баяғыша шыр айналды.
Алыстан жеткен көктем жұпарынан,
қайран бас қайтадан бір шыр айналды.
Ақ қарлы жатқан мына қала тынбай,
көшелер– ұшар оның қанатындай.
Қуанам,
келіп қалған көктемге емес,
жайнаған жас шағыма баратындай.
Ту ғылып көтерсем де жырды ізгі тік,
тағат боп екеуміз де тұрмыз бітіп,
құлпырған көк баулардың арасында,
қалардай Шолпан дейтін бір қыз күтіп...





Пікір жазу