12.05.2022
169

Бұл өмірден өту деген – бір қауіп...
Бұл өмірден өту деген– бір қауіп,
күнде менің тас төбемнен төнеді.
Жасаураған жанарымнан нұр тамып
адам түгіл,
жұлдыздар да сөнеді.
Көкірегіме басқа армандар толады,
келіп-кету– емес менің бас қайғым.
Гүл өседі,
құлпырады,
солады,
әлемге ортақ заңдылықтан саспаймын.