meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.05.2022
  177


Автор: Сабырхан Асанов

Қанша бірі құс жолымен шұбаған...

Қанша бірі құс жолымен шұбаған,
түнгі аспанда жарқылдайды алау көп.
Жер бетінен қорлық көрсем, жұбанам,
мұң шағар жан ол жақта да бар-ау деп.
Қаншама рет өте жаздап нұрлы күн,
заманаға заманалар қарсы ақты?
Түсінбейтін,
ұғынбайтын бір-бірін,
мына адамдар мені қатты шаршатты...





Пікір жазу