12.05.2022
169
![](/uploads/shorttexts/author_image/8a0df35a96c036a8f14f1197a56a5036.jpg)
Ес жия алмай жүргенімде еркелеп...
Ес жия алмай
жүргенімде еркелеп,
елуің де
келіп қалды ентелеп.
Ағарған шаш
әжім түскен ақша бет...
бәрі-бәрі секілді бір ертерек.
Гүлдерді әлі
тере алғам жоқ қырдан көп.
сіміре алған
жоқпын жап-жас нұрдан көп.
О, ғұмыр-ай, бес жүзінді қимасаң,
бес онынды місе тұтып тұрғам жоқ