12.05.2022
  127


Автор: Сабырхан Асанов

Аспанның ақ қар өтіп елегінен...

Аспанның
ақ қар өтіп елегінен,
беленіп ақ
ұлпаға келемін мен.
Ішіне
ақ шымылдық кіріп кетіп,
ақ қайың
ұстатпайды білегінен.
Қуған боп
қолым созып күлгемін мен.
Қуаныш
қайнап шығып жүрегімнен.
Деместен
алыс-жақын жер бетіне,
тек қана
ақ тілектер тіледім мен





Пікір жазу