12.05.2022
218

Алатаудың басында ақ қар жатыр...
Алатаудың басында ақ қар жатыр,
Алатаудың бауырында бақтар жатыр.
Көгал жапқан,
гүл басқан төбелерде,
мен қуанып
қыдырған шақтар жатыр.
Алатаудың бауырында бұлақ жатыр,
тастан-тасқа тайғанап құлап жатыр.
Менің өткен жас күнім еске түсіп,
елден-жұрттан аулақта жылап жатыр